Бүгін Риддер жылу электр орталығында оқыс оқиға тіркелді. Дәнекерлеу жұмыстары кезінде жарылыс болған.
Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Станция басшылығының мәліметінше, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты жән қажетті медициналық көмек түгелдей көрсетіледі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев шұғыл түрде Риддерге барып, ТЭЦ басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті.
-Бүгін Риддер ЖЭО-да штаттан тыс жағдай орын алды. Біз стансаны толық араладық. Қазандық агрегаттары қалыпты жағдайда. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Осы жағдайға түсіністікпен қарауды және тексерілмеген дереккөздерге сенбеуді сұраймыз, - деді Ермек Көшербаев.
Әзірге ТЭЦ штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтаған жоқ.