сурет: ШҚО ТЖД
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупі бар беткейлерде желдің қарды үрлеуі нәтижесінде қауіп төндіретін қар массалары жиналғаны анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар Өскемен-Самар тасжолында қар көшкінін алдын ала түсіру бойынша іс-шаралар өткізді. 3 рет жүргізілген жару жұмыстары нәтижесінде 890 шаршы метр қар массасы түсірілді, - делінген хабарламада.
Мамандар қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейінгі жылымық, қатты соққан жел кезінде қар көшкіні қаупі бар кезең екендігін еске салады.