Ертең Өскемендегі Аяз ата резиденциясы ашылып, бас шыршаның шамы жағылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Айта кетейік, қазір Шығыс Қазақстанда ерекше ертегі-фестиваль өтіп жатыр. «Аяз ата, Ақшақар - 2024» деп аталатын республикалық фестиваль кеше Риддер қаласынан бастау алды. Бүгін айтулы шара Алтай Альпісінде жалғасып, 21 желтоқсанда Шығыстың бас шаһарында аяқталады.
Фестивальдің соңғы күні, яғни ертең сағат 11.00-де Музей-қорықтың Сол жағалау кешенінде Аяз ата резиденциясы қала тұрғындары мен қонақтары үшін есігін айқара ашады.
Ал, кешкі сағат 16.00-де Республика алаңында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен облыстың бас шыршасының шамы жағылады.