Қазір Қазақстанда 9415 адам іздеуде болса, оның 2096-сы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жоғалғандардың басым бөлігі Алматы, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелген.
– Көбінесе 30 бен 49 жас аралығындағы ер адамдар түрлі жағдайда жоғалып кетеді. 1558 адам үйінен кетіп, қайтып оралмаған, 72-сі көлікпен, 33-і жұмысынан шығып кеткен, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ тергеу мен соттан қашып кеткен 2184 адамға іздеу жарияланды. Олардың көпшілігі алаяқтық, ұрлық және кісі өлтіру үшін іздеуде.