2023 жылдың 03 наурызынан бастап Қазақстан республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемқабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы (ары қарай – Заң) әрекет ете бастады.
Заң жеке тұлғаларға қарыз мәселесін шешу мақсатында 3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, соттық банкроттық және төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімдері.
Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-тен аспайтын қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін.
Рәсім 6 ай жүргізіледі, аяқталғансон борышкердің міндеттері тоқтатылады.
Заң қолданысқа енгізілгеннен бастап 375 азамат 1 499,0 млн.тенге сомасына банкрот деп танылды, 248 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр.
Соттық банкроттық банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-ден асатын қарыз бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша сомасына қарамастан және мүлік болған жағдайда да қолданылады.
Заң қолданысқа енгізілгеннен бастап соттық банкроттық арқылы 7 азамат 3 391,2 млн.теңгеге банкрот деп танылды.
Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімі сот тәртібімен қарызды төлеу үшін (5 жылға дейн) бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырады.
Бұл рәсімнің артықшылығы бұл рәсімнен кейн азамат «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.
Бүгінгі күні бұл рәсім ешкімге қолданылмаған.
Көріп отырғанымыздай Заң нормалары өз аудиториясын тапты. Сонымен қатар тәжирибе кезінде бұл рәсімдерді жеңілдету қажет екені анықталды, соған байланысты 2024 жылғы 19 маусымда бұл Заңға келесі толықтырулар енгізілді.
1. Рәсімдерді қолдану негізін қайта қарау;
- төлемқабілеттілікті қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін төлемдер бойынша уақыты өткен қарыз және мүлік болуы міндетті емес;
- соттан тыс банкроттық рәсімін бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады, яғни егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2. Соттан тыс рәсіміне өтініш беру жеңілдетілді
Борышкер өтініште кредитор туралы, қарыз мөлшері туралы және басқа да құжаттар салудан босатылады;
3. Соттан тыс және соттық банкроттық рәсімін қолдану үшін төлем болмау мерзімі анықталды
1 АЕК-тен аз мөлшердегі төлем төлем болып саналмайды, сол сияқты коллекторлық агенттікке берілген келісім шарттар бойынша төлем болмау мерзімі талап ету құқығы берілгенге дейнгі соңғы төлем мерзімінен саналатын болады.
4. Реттеуді жүргізу мерзімі өзгертілді
Төлем 12 айдан астам уақыт төленбеген жағдайда қарызды реттеу жүргізу қажет емес.
Осы түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.