Шығыс Қазақстандағы танымал «Рахман қайнары» демалыс орны мемлекет меншігіне өтуі мүмкін. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов айтты.
Қабақовтың айтуынша, мемлекет «Бипек Авто – Азия Авто» компаниялар тобына кіретін туристік нысандарды сақтап қалуды көздеп отыр. Құқықтық мәселелер шешілгеннен кейін нысандар жұмысын жалғастырады, бірақ бұл процесс біраз уақытты қажет етеді.
«Енді «Бипек авто» компаниясының болашақ тағдыры туралы нақты бірдеңе айту қиын, дегенмен Рахман қайнары уақыт өте келе мемлекет меншігіне айналуы әбден мүмкін. Бұл мәселе ұзақ қарауды және белгілі үдерістерді қажет етеді, бірақ жұмыс басталып кетті», - деп түсіндірді спикер.
Рахман қайнарының мемлекет меншігіне өтуі курорттың қайта жаңғыртылып, жаңартылатынын білдіруі мүмкін. Мемлекеттік басқару курорттық инфрақұрылымды жақсартуға, қосымша қызметтерді дамытуға және туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізері анық.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде «Бипек Авто - Азия Авто» компаниясының барлық мүлкі қамауда. Активтерді бағалау, содан кейін оларды аукционға шығару рәсімі жүргізілуде.