"600 шақырым жерден барып, кіре алмай қайттық" Рахман қайнарына қарулы күзет қойылды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 31-05-2024, 14:52 0


Кәсіпкер Алексей Аксенов Катонқарағай ауданындағы «Рахман қайнары» шипажайының аумағында орналасқан өзінің демалыс базасына жете алмай жүр. Бұл туралы ол облыс әкімдігінде сенат депутаттарының қатысуымен өткен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі көшпелі отырыста айтты.

- «Рахман қайнары» шипажайының аумағында біздің қонақ үйіміз бар, бірақ оған кіре алмадық. Туристермен 500-600 шақырым жол жүріп барсақ та, жабық қақпаға соғылып, кері қайтуға мәжбүр болдық. Қарулы күзетшілер өздерін не таныстырған жоқ, не ештеңе түсіндірген жоқ, - деді «Meloman-Travel» деп аталатын компанияның өкілі Алексей Аксенов.

Кейінірек шипажайдағы қарулы күзетті мемлекеттік мүлік департаменті сот шешімі аясында қойғаны анықталды. Олар мүліктерді түгендеп жатқанын айтады. Айта кету керек, бұған дейін қашқындағы олигарх Анатолий Балушкиннің дүние-мүліктері тәркіленетіні айтылған. "Рахман қайнары" шипажайы да осы Балушкиннің иелігінде.

– Облыстық прокуратураның талабы, Өскемен қалалық сотының 4 сәуірдегі қаулысы негізінде сот орындаушысы барлық мүлікке мөр басып, бұғаттады. Бұл қылмыстық іс аясында істеліп жатыр, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив