Талдықорған-Өскемен жолы биыл қолданысқа беріледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 10:53 0

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев «Талдықорған – Өскемен» бағытындағы жолдың биыл толық қолданысқа берілетінін айтты.

 

«Талдықорған – Өскемен» автожолының ұзындығы - 768 шақырым. Бүгінгі күні 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселген болса, үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген. Учаскеге 700-ден астам жол техникасы, 1 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған», - деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдалануға берілетінін айтты. Айтуынша жылдың соңына дейін жұмыстардың барлығы аяқталып, тапсырылады.

 

«Жоба бойынша жұмыстың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізіліп жатыр. Жалпы жылдың соңына дейін жұмыстардың бәрі аяқталып, тапсырылады», - деді ол. 

 

Естеріңізге сала кетейік, ауыл мен қаланы, шаһар мен даланы, елмен елді, жер мен жерді жалғап жатқан жолдың сапасы күн тәртібінен түсер тақырып емес. Алысты жақын, жақынды алыс қылу күре жолдың күтімі мен жағдайына тікелей байланысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында көлік жолдарынының сапасы мен құрылысына баса назар аударған болатын. Сондай-ақ 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізілетінін де атап өтті.

- Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет. Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет, - деді Президент.

ШҚО-да 2024 жыл "Жол жылы" деп жарияланған болатын. "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" тасжолындағы сағызша созылған жөндеу жұмыстары да келесі жылы аяқталмақ. Дәл қазір онда жұмыстар қарқынды түрде жүріп жатыр.

Айта кету керек, "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" автожолының жалпы ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 11 учаскеге бөлінген 458 шақырымы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі.

Қазіргі уақытта аталмыш жол учаскесінің жалпы 60 шақырымды құрайтын жолға, яғни 1013-1073 шақырымы жөнделіп жатыр. Ал "Қалбатау-Майқапшағай" автожолында ұзындығы 218 шақырым жолға қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде. Бірінші бағыт бойынша қозғалыс жыл соңына дейін ашылмақ. Ал толықтай 2024 жылы тапсырылады.

Қолданыстағы жобалар аяқталғаннан кейін "Өскемен-Семей" тасжолы мен "Өскемен – Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы" көлік жолдарын қайта жаңарту да жоспарланып отыр.

Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс.  

«Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз да, жүріп көріңіз. Ана жерде не деп тұр? Уақытша жол. Ол жолда сағатына 40 км жылдамдықпен жүру керек. Спидометрді 40 км қойыңыз да жүріп көріңіз. Сол бағытта айналма жол салынған. Енді, сол жолмен кім жүрмей жатыр?!  Бәрі жүреді. Салмақты ауыр салып алып та жүреді. Барлығы 100, 120 км жылдамдықпен жүргісі келеді. Егерде бәрі көрсетілген белгімен  жүрсе ешқандай проблема болмайды»,- деді шамданып қалған Жанабай Қобыландин.

 

Күре жолдың қиындығынан құтылар күн қайда?

Құны 105,3 млрд теңгеге бағаланған жаңа автомобиль 2022 жылы қолданысқа беріледі. Жұмыс былтыр басталған. Жол қытайлық инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан көрінеді. Басты мердігер мекеме - CITIC Construction Co, LTD. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жолды үш бірдей мердігер компанияның консорциумы салып жатыр.

«Олар – қытайлық, италиялық және өзіміздің компания. Онда 21 жасанды нысан, 100-ден астам құбыр, әртүрлі деңгейдегі 2 айналма жол қарастырылған. Оның 32,3 шақырымын  I-б техникалық санатқа, 281,2 шақырымын II техникалық санатқа жеткізу жоспарланып отыр. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолының 287-615 шақырым аралығы 5 бөлікке бөлініп, жолдың бойында құрылыс алаңдары мен кеңселер қойылған. Жылдамдықты төмендету туралы жиі-жиі шыға беретін белгілер қозғалыс қауіпсіздігін азайту мақсатында арнайы қойылған», - деді аталған мекеме өкілі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив