Желтоқсан, 2023 жыл. Сурет: sozmedia.kz
Былтыр желтоқсанда Риддерде Хариузовка өзенінен асқан су үш жеке үй мен бірнеше үйдің ауласын басқан болатын. Содан бері тұрғындар өтемақы ала алмай келеді.
Мәселе «ЛК ГЭС» компаниясы бөгендегі суды өзенге жібергеннен кейін туындаған. Компания өзен суы молаятыны туралы тұрғындарға ескертпеген.
Осыдан кейін компания шығынды толық өтеуге уәде берген, бірақ орындауға асығар емес.
Тұрғындар жақында наразылық байқата бастаған тұста Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі іске араласып, тұрғындарға өтемақы алуға көмектесетінін мәлімдеді. Айтуларынша, қазір арнайы комиссия құрып, шығындарды есептеуді бастаған.