Ново-Троицкое ауылына кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-09-2024, 11:50 0

«Ново-Троицкое ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автожолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшылығының мәліметінше, 2023 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарға бөлінген қаражат есебінен 0-6 км учаскесінде 6 шақырымға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдарға 6-22 учаскедегі қалған 16 шақырымға 1,016 млрд теңге сомасына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, оның ішінде 2024 жылға – 640 млн теңге, 2025 жылға – 376 млн теңге.  Жұмысты «Ремдор» ЖШС жүргізуде. 
Жөндеу жұмыстары жүргізілген учаскенің барлық ұзындығы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, қозғалыс жылдамдығын шектейтін белгілер орнатылды. 
Асфальт жабынында жұмыс және жол құрылыс материалдарын тасымалдауға байланысты 0-6 км учаскесінде ақаулар пайда болды. Мердігер «Ремдор» ЖШС жөндеу жұмыстары аяқталған соң ақауларды өз қаражаты есебінен жояды. Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы 600 км жергілікті жерді және Республикалық маңызы бар 392 шақырым жолды орташа  жөндеу жоспарлануда, - делінген Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығының хабарламасында. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив