ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары ертең Ұлан ауданының тұрғындарын қабылдайды.
Сапар барысында онкологтар аудандағы тексеру кабинеттерінің жұмысын, онкоскринингтерді жүргізуді, «Жасыл дәлізді» іске асыруды талдайды, сондай-ақ ауданда онкологиялық қызметтің тиімділігін жақсарту бойынша бағалау мен ұсынымдар береді.
Сонымен қатар, онкологиялық орталықтың мамандары пациенттерді қабылдайды, онкологиялық сақтық және қатерлі ісіктердің алдын алу мәселелері бойынша қажетті кеңес береді.