1 және 2 тамызда Қазақстанда Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай Өскемен қаласындағы ШҚО көпсалалы онко-хирургиялық орталығы кезекті ашық есік күнін өткізеді.
Өкпе обыры ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі. Қазақстан Республикасында жыл сайын 3500-ге жуық жаңа жағдай анықталуда.
Осыған байланысты, 1 және 2 тамызда сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін онкологиялық орталықта өкпе обырын алдын алу бойынша ашық есік күні өтетінін еске саламыз.
Облыс тұрғындары терапевтің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың жетекші мамандарынан кеңес ала алады.
Өкпе обыры - әртүрлі калибрлі бронхтардың эпителий қабығынан пайда болатын қатерлі ісіктер тобы.
Біз өкпенің қатерлі ісігінің себептеріне егжей-тегжейлі тоқталмаймыз, өйткені бұл мәселеде сан алуан пікірлер айтылады, әрі бұл тақырып көптің қатысуымен талқыланып келеді. Алайда, қатерлі ісіктің дамуына әкелетін даусыз факторларың бірі темекі түтінінің канцерогендері, иондаушы сәулелену және вирустық инфекция болып табылады. Олардың әсері өкпе бронхтарының қабықшалы ұлпасының жасушаларында кумулятивті (жинақтаушы) өзгерістерді тудырады. Канцерогенмен байланыс неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым көп тіндер зақымдалады, сондықтан қатерлі ісік қаупі соғұрлым жоғары болады.
Қазіргі таңда онкологиялық патологияның құрылымында өкпенің қатерлі ісігінің пайда болуы, сондай-ақ өлім-жітім себептері бойынша көшбасшы орында тұр. Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 1 миллионға жуық жаңа өкпе обыры тіркеледі және онкологиялық науқастардың 60%-ы осы аурудың салдарынан қайтыс болады.
Мұндай статистика көбінесе ісік процесінің агрессивтілігіне емес, пациенттердің медициналық көмекке кеш келуіне байланысты болады. Жағдайдың немен байланысты екенін түсіну үшін – оны жете зерттеу керек!
Заманауи онкология өкпеде қатерлі ісіктің орналасқан жерінде орталық және шеткі қатерлі ісіктің екі негізгі түрін ажыратады. Оларың әрқайсысының өзіндік клиникалық көрінісі бар.
Ісік ірі бронхтардың бірінде, тіпті ерте сатысында пайда болатындықтан, орталық қатерлі ісік ұзақ мерзімді жөтелмен сипатталады, алдымен құрғақ, содан кейін жеңіл қақырықпен, кейде қанмен араласады. Егер симптомдар жүре келе байқалмаса, бірте-бірте қақырық іріңді түрге айналады, бұл дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке және ентігуге әкеледі. Әрі қарай оған қатерлі ісік пневмониясы қосылады, ол салыстырмалы түрде оңай емделеді, бірақ жиі қайталанады (қайта пайда болады). Қатерлі ісік пневмониясы кеуде қуысының ауырсынуымен, ентігумен, толық дем ала алмау сезімімен бірге жүретін қатерлі ісік плевритімен (өкпенің айналасында сұйықтықтың жиналуы) бірге жүруі мүмкін. Өкпенің қатерлі ісігі асқынған жағдайларда - дауыстың қарлығуы, жүрек немесе қол аймағындағы ауырсыну, көгілдір реңкте беттің ісінуі, мойынның, қолдың немесе кеуде қуысының тамырының ісінуі пайда болады.