ШҚО-да соңғы жеті айда 1450 адам қатерлі ісік ауруына шалдыққан


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-08-2024, 15:45 0

ШҚО Онкологиялық орталығында 2024 жылдың жеті айындағы жұмыс қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесі өтті.

Іс-шараға қатысушылар қатерлі ісік ауруларының негізгі көрсеткіштерін, скринингтік бағдарламалар мен «Жасыл дәлізді» іске асырудың тиімділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының көрсеткіштерін талқылады.

Қаңтар-шілде айларында Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісіктің 1450 жаңа жағдайы анықталды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2 пайызға төмендеген. Аймақта қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім республикалық көрсеткіштен асып түседі, бірақ тұрақты төмендеу үрдісі байқалады. Онкологиялық патологиялардың құрылымы өзгеріссіз қалған, сүт безі обыры, өкпе обыры және тоқ ішек обыры сырқаттану бойынша жетекші орындарды алады. Пациенттердің орташа жасы 60-70 жасты құрайды.

Облыста қатерлі ісік ауруын ерте анықтауда оң үрдіс бар. Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығы директорының орынбасары Анна Кухарева алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары диспансерлік есепке алудың сапасына, тексеру кабинеттерінің жұмысына, жетекші мамандардың – ЖТД, кардиологтардың, стоматологтардың және т.б. мамандандырылған дәрігерлердің жұмысына айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді. Мұның бәрі қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтауға және дамыған жағдайлардың санын минимумға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Үйлестіру кеңесі барысында анықталған қатерлі ісік ауруларына талдау жасалғанын ерекше атап өткен жөн.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив