Бүгін Өскемендегі Ольга Рыпакова жеңіл атлетика манежінің сыртқы алаңында садақ атудан қалалық турнир басталды.
Биылғы турнирдің жүлде қоры былтырға қарағанда екі есе көп. Мәселен, ерлер мен әйелдер үшін де 1 орынға 200 000 тг, 2 орынға 150 000 тг, 3 орынға 100 000 тг қарастырылған.
Қатысушыларға тіркелу міндетті. Әр қатысушыда жеке садақ оқтары болуы қажет, садақ ату ережесін білгені абзал.
Айта кету керек, қатысушыларға тегін түскі ас әзірленеді.