ШҚО-да мыңға жуық жас жігіт әскерге аттанады


ЖАҢАЛЫҚТАР 15-08-2024, 17:42 0

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Күзгі әскерге шақыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.


Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметінше, 4 қыркүйек айынан бастап азаматтарды кезекті күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылу жұмыстары басталады. Ал әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін дербес шақырту қағазын жолдау және 1414 қызметінің смс-хабарламалары арқылы жүзеге асырылады.


- Мерзімді әскери қызметке шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілетін болады, - деді Басқарма бастығының орынбасары Олег Недорубка.


Сондай-ақ ол әскери қызметтің әрбір жас азаматтың заңмен белгіленген міндеті болып саналатынын, ал әскери қызмет өткеруден жалтару барлық құқықтық салдарға әкеп соқтыратын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салды.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив