Биыл Қазақстанда әскерге шақырылатындардың саны артады


ЖАҢАЛЫҚТАР 5-08-2024, 17:34 0

ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы «мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару және ҚР азаматтарын наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізілетін Үкіметтің қаулысы дайындалды.
Құжатта нақтыланғандай, әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді қарастырады.
Бұған дейін жарлықта 39 180 адамды әскери қызметке шақыру қарастырылған болатын.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив