Катонқарағай ауданында туризм қарқынды дамып, халықтың барлық топтарына қолжетімді бола түсуде.
Туристердің саны да айтарлықтай артып келеді.
Осыған байланысты жеке туристік кәсіпкерліктің рөлі күшейіп, қонақ үйлер мен туристік демалыс орындары көптеп бой көтеруде.
Берел ауылының тұрғыны Бейімбет Көксегенов «Berel-Rais» демалыс мекенін ашып, қонақтарды қабылдап жатыр.
20 орындық қонақ үй, асхана, монша және басқа да қызметтер ұсынылып, туристер үшін барлық жағдай жасалған.
Бұл демалыс орны аймақтағы туризмнің дамуына елеулі үлес қосып, келушілерге ыңғайлы әрі жайлы демалыс ұсынуда.