Қазақстандағы лас қалалар тізімінің көш басында Астана тұр. Астанада, мәселен, металлургиялық зауыттар қала шегінде жұмыс істейтін Өскемен сияқты еңсерілуі қиын экологиялық кедергілер болмаса да, елорда экологиялық жүктемесі аса жоғары мегаполис ретінде тіркеліп отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ал ластанудың стандартты индексі (СИ) және ең жоғары қайталанғыштық (ЕЖҚ) көрсеткіші бойынша Өскемен үшінші орында тұр.
«Қазгидромет» экологтары ай сайынғы динамикада келесі индикаторларды пайдаланады: ластанудың стандартты индексі (СИ) және ең жоғары қайталанғыштық (ЕЖҚ) көрсеткіші. Үстіміздегі жылдың қаңтар–мамыр айларында осы екі көрсеткіш көтеріңкі және өте жоғары деңгейде ластанудың болғанын куәландырған.
Елордадан кейін лас қалалар тізімін Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Теміртау, Сәтбаев, Петропавл және Талғар қалалары жалғастырған.