«Qnet»-тен тәркіленген көлік ШҚО-ға жеткізілді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:41 0

"Qnet" қаржы пирамидасынан тәркіленген жол талғамайтын автокөлік Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне беріледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өскемен прокуратурасының қызметкерлері "Qnet" бойынша сот үкімінің орындалуына қол жеткізді. 2021 жылы шығарылған Mercedes-Benz G63 AMG жол талғамайтын көлігі мемлекеттік меншікке берілді. Бұған дейін ол Ақтөбенің №2 сотының үкімімен Қылмыстық жолмен алынған мүлік ретінде тәркіленген болатын.

– Көлік иелері тәркілеуден жалтару мақсатында бірқатар қылмыстық қадам жасаған. Әуелі көлікті басқа адамның атына рәсімлеген, кейін оның VIN нөмірі ауыстырып, тығып тастаған, – деп хабарлады Өскемен прокуратурасы.

Өскемен прокуратурасының араласуынан кейін жағдай өзгерген. Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің қызметкерлері ресми дилердің қолдауымен автокөліктің орналасқан жерін анықтаған. Көлік Алматыда болған. Сонымен қатар, машинаның шетелде "қосарланған" тіркеуде болу фактісі де анықталған. 

6 маусымда бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 425-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған (тізімдемеге немесе тыйым салуға не тәркіленуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер). Ал 24 маусымда автокөлікті іссапарға жіберілген полиция қызметкерлері алып, Өскеменге жеткізген. Жақын арада автокөлік Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілген.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив