Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшысы тағайындалды – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 12:16 0

Шығыс Қазақстан әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Данияр Асқарұлы Уахитов тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Данияр Асқарұлы Уахитов – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (магистратура) түлегі.

2006–2023 жылдар аралығында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, «ФА» «Альянс Финанс» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Белоусов байыту фабрикасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті және тау-кен-металлургия кешені қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымында еңбек еткен.

Сондай-ақ, Данияр Уахитов Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы Нұра кентіндегі Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шемонаиха қаласында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

- Данияр Асқарұлының еңбек өтілі – 17 жыл, оның 9 жылы мемлекеттік қызмет саласында. Енді оған ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ретінде аса маңызды және жауапты міндет жүктеліп отыр – бұл жолаушылар көлігінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды уақтылы әрі сапалы жөндеу, сондай-ақ өңірде жаңа жол магистральдарын салу, – деді облыс әкімі.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив