Зайсан ауданында жауын-шашын салдарынан мамырдың 14 күні Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, Жарсу-Бақасу аудандық маңызы бар тас жолындағы
бетон көпірдің жиегін зақымдады.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдың шайылып кету қаупі жоқ. Көліктердің жүруіне де шектеу қойылмайтынын жеткізді.
Оқиға орнында жедел шаралар ұйымдастырылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жағдай реттелгенге дейін аудан әкімдігінің бақылауын болады.