Риддер қаласының іргесіндегі Поперечное ауылының тұрғыны қала әкіміне мал жаюға 50 гектар, шөп шабуға 15 гектар жер беру туралы өтінішпен барған. Әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, жер беру туралы өтінішінен бас тартқан.
Ауыл тұрғыны бұны бей-жай қалдырмай, шешімге күмәнданып, сот тәртібімен әкімге шағым түсіреді.
Сот хаттамада дауыс беру тәртібінің бұзылғанын, жер комиссиясы мүшелерінің қорытындылары мен хаттама мазмұнының сәйкес келмейтінін, дәлелсіз бас тартылғанын және түпкілікті шешімнің жоқтығын анықтады.
Жергілікті сот тұрғынның талаптарын ескеріп, жер комиссиясының хаттамалық шешімінің күшін жойды. Риддер әкіміне тұрғынның арыздарын қайта қарап, қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеген.
Жоғарғы Соттың әкімшілік істер бойынша сот алқасы істі қарай келе, жалпы даулы актілердің заңды деп санады.