Мамыр айында халыққа қызмет көрсету орталығында орта білім туралы аттестаттың көшірме нұсқасын сұрату кезінде Глубокое ауданының 21 жастағы тұрғыны Ресей азаматтығын алғанына бір ай уақыт өтсе де Қазақстан Республикасының құжаттарын бермегені анықталды.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан Полиция департаменті баспасөз қызметі.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, көші-қон заңнамасын қатаң сақтауды сұрайды.