Алты айдың ішінде облыс полицейлері 30 қос куәлігі бар азаматты анықтады, оның сегізі елден шығарылды.
Мәселен, Шемонаиха ауданының 19 жастағы тұрғыны ақпан айында Ресей азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау керектігін білмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін материалдар сотта қаралып, шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім шығарылды.
«Естеріңізге сала кетейік, адам басқа елдің азаматтығын қабылдаған кезде 30 күн ішінде Қазақстан азаматтығынан айырылғаны туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шет мемлекеттің аумағындағы дипломатиялық өкілдігіне хабарлауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының төлқұжаты мен жеке куәлігі тапсырылуы тиіс», - деді полиция қызметкерлері.