Тұтынушыларға жылу үшін төленген 445 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылады - ШҚО


ЖАҢАЛЫҚТАР 12-08-2024, 16:30 0

Шығыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеу жұмыстары жүргізілді.


Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ДҚРЭМ) ШҚО бойынша департаментінің мәліметі бойынша, халыққа қайтарылатын сома 445 840 449 теңгені (ҚҚС-ты есепке алғанда) құрады, оның ішінде:


«Су арнасы» – 50 401 399 теңге;


«Өскемен жылу желілері» АҚ (есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар) – 220 034 733 теңге (қайта есептеу 2023 жылғы желтоқсанда жасалған);


«Востокэнерго» ЖШС – 72 065 099 теңге;


«Күршім» МКК – 857 869 теңге;


«Л-ТВК» ЖШС – 8 761 664 теңге;


«Серебрянск және Жаңа Бұқтырма жылу-су орталық комбинаты» МКК – 1 069 194 теңге;


«Зайсан» ШЖҚ КМГП – 1 270 689 теңге.


«Айта кететін жайт, барлық тұтынушылар үйдегі жалпы жылу есептегіш құралдарын пайдалануға ауысатындықтан, тұтынушы тек нақты тұтынған жылу мөлшері үшін төлейді және сәйкесінше қайта есептеудің қажеті жоқ», делінген хабарламада.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив