Өскемен алдағы жылыту маусымына 40% ғана дайын


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-07-2024, 12:29 0

Облыс орталығындағы 1799 көпқабатты тұрғын үйдің тек 1753-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазір 720 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын, тағы 1079 көпқабатты үйлер  жылыту маусымының соңына дейін дайын болады, деп хабарлады қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Амантай Бақыт

Оның айтуынша, қазір көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау тек 40%-ды құрап отыр. Сондықтан да қазір бұл мәселе Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің тұрақты бақылауында. 

«Жылу жүйелері» басқарушы компаниясының жылу желілерін орнату жөніндегі инженері Гүлнар Ілиясова жылу энергиясын тұтынушыларға жылыту маусымына дайындық бойынша барлық нұсқаулардың берілгенін және жылыту мәселелеріне қатысты қалалық аумақтық басқару орталықтарының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11 филиалдарында әр бейсенбі сайын штаб отырыстары өткізілетінін  айтты. 

Қаладағы үйлердің біразы жылыту маусымына дайындайтын  "Восток-39" Пәтер иелерінің кооперативі сәуір айынан бері тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жұмыстарын бастап кеткен. "Восток-39" Пәтер иелерінің кооперативінде 36 тұрғын үй бар. Қазір оның 7-еуі жылыту маусымына толық дайын. Қалған 9 тұрғын үйдегі жылыту жұмыстарын 30 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив