Орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметін пайдаланатын Риддер қаласының тұрғындарына өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен қамту қызметінің құны қайта есептелді.
Бұл жұмысты 2024 жылдың 1 тамызына дейін жылумен жабдықтау қызметін көрсеткен Риддер қаласы әкімдігінің «Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорны Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген.
- Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Риддер қаласы бойынша 2023-2024 жылдардағы жылу беру кезеңінде халыққа қайтарылатын сома 50 млн 401 мың теңгені құрады. Барлық тұтынушылар коммуналдық жылу есептегіш құралдарын пайдалануға ауысатындықтан, тұтынушы тек нақты тұтынған жылу энергиясының көлеміне ғана ақы төлейді, - деп хабарлады ШҚО бойынша ДҚРЭМ.
Тұтынушыларға қайта есептеу қалай жүргізілетінін әзірге «Су арнасы» МКҚК шешуде, өйткені 1 тамыздан бастап жылумен жабдықтау қызметін «Өскемен жылу желілері» АҚ Риддер қаласындағы филиалы көрсетеді.