Екі жүзден астам тұрғыны бар Жолнұсқау ауылында жол салынып бітпеген. Борпылдақ топырақты жол жауын жауса езіліп кетеді.
Bizdiң Өskemen сайтының тілшісі аудан әкімдігіне хабарласып, бұл мәселенің мән-жайын анықтады.
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, жол мердігердің кесірінен толық салынып бітпеген. Сапасы да мәз емес.
- Жолнұсқау ауылының жолы осыдан 3-4 жыл бұрын салынған. Бірақ мердігерге қатысты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жұмыс аяқсыз қалған. Енді қылмыстық іс бітпейінше ешкім сол жерде жұмыс істей алмайды. Егер сот шешімімен мердігер жымқырған ақшасын мемлекетке қайтарып, ол қаражат осы жолға қайтадан бөлінетін болса, жол салынып бітеді, - деді Алмат Ақышов.
Жол салмақ болған мердігер компания "CK-KAZALEM" ЖШС. Әкімдікпен келісімшарт 02.09.2021 күні жасалған. Сома: 174 млн. теңге.