ШҚО-ның экс-әкімі Париж Олимпиадасына барып қайтқан


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-08-2024, 17:17 0

Көптен көрінбей кеткен Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметов Франция астанасында еліміздің жеңілатлеттерімен көзге түсті. Ол Парижге қазақ спортшыларын қолдау үшін ұшып барған.
Экс-әкімнің суреті Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
- Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», - делінген жазбада. 
Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.
Саясаткер 1954 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған.
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ахметовтың мансабы қарқынды түрде жоғарылай бастаған. 2000 жылдарға дейін Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, сонымен қатар Қазақстанның премьер-министрі қызметтерін атқарды. 
2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарған әкім қызметін ұзақ атқарғанына байланысты көпшіліктің сынына қалған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив