ШҚО басшысы әкімдерге мектеп дәретханаларын тексеруді тапсырды


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-08-2024, 11:06 0

Ермек Көшербаев жаңа 2024/2025 оқу жылына дайындық бойынша жиын өткізді.

«Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. 135 мекеме турникетпен жабдықталған, сондай-ақ арнайы күзетпен де келісім-шарт жасалды», - деді аймақ басшысына ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева.

Облыс әкімі мектептердегі үрей тудыратын мәселелердішешуді талап етіп, сонымен қатар қала және аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін, мектептердің жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуын және жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыруды жеке бақылауға алуды тапсырды.

«Қараңдаршы, балалар қандай жағдайда оқиды. Мектептерге барыңыздар. Сыныптар мен дәретханаларға кіріңіздер. Мекте сендердікі емес, бірақ балалар кімдікі? – деді Ермек Көшербаев әкімдерге.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив