Шығыс Қазақстан облысы жаңа оқу жылына дайындалуда


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-08-2024, 10:44 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңа оқу жылына дайындық бойынша кеңес өткізді. 

ШҚО-да 206 балабақша мен 180 шағын орталық, орта білім беру жүйесінде 343 мектеп бар. 

– Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен, 135 мекеме турникетпен жабдықталған, мамандандырылған күзетпен де келісім-шарт жасалды, - деді ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева. 

Облыс әкімі мектептердегі дабыл түймесі мәселесін шешуді талап етіп, сонымен қатар қала және аудан әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін, мектептердің жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуын және жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыруды жеке бақылауға алуды тапсырды. 

– Балалардың қандай жағдайда оқитынын қараңыз. Мектептерге барыңыз. Сыныптар мен дәретханаларға кіріңіз. Мектеп сіздікі емес, бірақ онда оқитын балалар сіздердікі ғой, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев қала, аудан әкімдеріне. 

Сондай-ақ жиын барысында жоғары оқу орындары мен колледждердің оқу жылына дайындығы талқыланды. Облыс бойынша педагогикалық ғылымдар, бизнес, менеджмент және құқық, IT және техникалық мамандықтар, ауыл шаруашылығы және медицина қызметкерлері салаларына 270 грант бөлінген. 

Облыс әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы бөлінген гранттар саны бойынша республикада екінші орында тұрғанын атап өтті. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив