15 тамыз күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2024-2025 жаңа оқу жылының басталуына дайындық» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева 81 нысанның 42-сінің құрылыс жұмыстары аяқталғанын және Өскемен қаласындағы № 2 мектеп пен Ұлан ауданындағы «Бозанбай орта мектебі» құрылысы аяқталуға жақын екенін айтты.
Сонымен қатар Тарбағатай ауданындағы мектеп құрылысы мердігерлердің кесірінен келесі жылы бірақ аяқталатыны айтылды.
ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаеваның айтуынша, облыста 206 балабақша, 180 шағын орталық жұмыс жасайды онда 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды, 2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,7%-ды құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері жаңа 380 жаңа оқу орын ашылды. Қазіргі уақытта кезектілік саны 2500 баланы құрайды. Balabaqsha.snation.kz 12 тамыздан бастап бос орындар беріліп жатыр.
– Биыл Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті бірнеше тақырыптық мониторинг жүргізді. 2024-2025 оқу жылында бақылау шаралары жалғасын табады. Әрбір білім мекемесі 5 жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығында мемлекеттік аттестаттау 103 білім беру ұйымдарында өткізілетін болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша биыл 7 мектеп салыну жоспарланып отыр және тағы да 3 мектеп жергілікті бюджеттен салынып жатыр осы жылдың аяғына дейін жаңа мектеп балаларға есігін ашады деп жоспарлап отырмыз, - дейді Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айгүл Байжанова.
Жиында Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдердің тапшы екендігі айтылды. Әсіресе өңірде бастауыш сынып мұғалімдері, орыс тілінен, математика пәнінен сабақ беретін оқытушылар тапшы. Бұлбұл Қозыбаева сөзінше бұл мәселе бойынша Enbek.kz сайтында мұғалімдердің өтініштері қабылданып жатыр.
1 қыркүйек күні балаларды қабылдайды деген мектептердің бірі № 50 жалпы білім беретін мектеп жаңа оқу жылында ашылады ма және бұл мектеп лицензия алды ма деген сұраққа департамент басшылығы былай деп жауап берді:
Шығыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Айгүл Байжанованың айтуынша, №50 жалпы білім беретін мектеп атынан лицензияға өтініш түскен жоқ.
Ал № 50 жалпы білім беретін мектеп директоры Маркаба Ракижаева лизенция әлі берілген жоқ, жұмыстар енді басталды деді.
Мектептің қашан ашылатыны әзірге белгісіз.
Ақмарал Мұхтарбекова