Ұлан ауданының әкімі қызметіне Арман Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бүгін облыс әкімінің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ұлан ауданының әкімі болып Арман Бекбосынов тағайындалды.
Арман Бекбосынов – Зайсан қаласының тумасы.
Өскемендегі жол-құрылыс институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы автокөлік жолдары қазыналық кәсіпорны жүйесінен бастады. Көлік және коммуникация министрлігінің Автокөлік жолдары комитетінде қызмет етті.
2006 жылдан 2008 жылға дейін Атырау облысындағы жергілікті атқарушы органдар жүйесінде лауазымды қызметтер атқарды.
2008-2009 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті автожолдарды дамыту басқармасының бастығы.
2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы.
2010-2013 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі
2013-2014 жылдары «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ басқарма төрағасы.
2014-2015 жылдары Глубокое ауданының әкімі.
2017-2020 “Теміржол жөндеу” ЖШС директоры.
2021 жылдан бастап Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы.