Өскеменде 19 ықшам ауданның мәселесін шешу үшін жұмыс тобы құрылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 6-08-2024, 15:50 0

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов бастаған жұмыс тобы 19-шы шағын ауданда болды.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев қаладағы осы ықшам аудандағы тұрғындардың түйткілді мәселелеріне қызығушылық танытты.

«Жұмыс тобы құрылды, аймақ басшысы ерекше бақылауымен шағын ауданның мәселелерін тез арада шешуді көздеп отыр. Маңызды жайттардың бірі – балабақшалар мен мектептердің болуы. Әзірге ең жақын оқу орындары бірнеше шақырым жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындарды да автобус пен шағын автобустардың жоқтығы алаңдатады. Көшелерді жарықтандыру және электрмен жабдықтау мәселесі де өзекті болып қала береді. Ауа-райы қолайсыз кезде маңайдағы электр жарығы жиі өшеді», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Білім басқармасы мектептер мен балабақшаларға қатысты мәселені пысықтап жатыр. Электр қуаты мәселесін энергетиктер тез арада қарастырады», - деді Бақытжан Баяхметов

Баспасөз қызметі қыркүйекке дейін 19 ықшамауданға шағын автобустарды шығару жоспарланып отырғанын айтты.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив