Бұл туралы әкімнің қала аралаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
- «Комендант» көпірін алты жолаққа дейін кеңейту жоспарда тұр. Жобалық құжаттама дайын, енді сараптамадан өтеді, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Сараптама қорытындысы осы айдың соңында шығады. Қаржыландыру мәселесі шешілсе, жұмыс биыл басталып, келесі жылы аяқталмақ.