ШҚО әкімі Ермек Көшербаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 10:01 0

Өңір басшысы шығысқазақстандықтар қашанда белсенді азаматтық ұстанымымен, болып жатқан оқиғаларға қызығушылығымен және тың идеяларымен ерекшеленетінін атап өтті. Әсіресе, бұл үдерістерге жастардың қосылуы қуантады, деп хабарлайды  Bizdiң Өskemen тілішісі.

Мысалы, Астана НЗМ студенті Елнар Сәлпеков Шығыс Қазақстандағы елді мекендер үшін бренд-бук пен код дизайнын жасау бойынша бірнеше креативті идеяларын ұсынды. Әрине, жас жігіттің бастамасы алдағы уақытта қолдау табады. 

«Бүгін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Кездесу барысында түрлі тақырыптар қозғалды. Жалпы, шығысқазақстандықтардың өңір өміріне бей-жай қарамауы өте қуантады»,-деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында қарттардың жаңалықтардан хабардар болуы, заман көшінен қалмауы үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.Аға буын өкілдері белсенділіктен тыс қалмайды. Тоқтасын Ұзгеттенов Коршуново теміржол станциясының жанындағы екі қабатты тұрғын үйлерді жөндеу мәселесін көтерді. Онда негізінен зейнеткерлер тұрады. Аталған мәселе бойынша зерттеу жүргізіліп, қажетті іс-шаралар қабылданатын болды.

I топтағы мүгедек Айболат Кунапиев жайлы тұрғын үй алуға көмек көрсетуді сұрады, бұл мәселе бойынша  құзырлы органдарға тапсырма беріледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қатаң түрде әрекет етеді.

Мирный кентінің тұрғындары Ирина Будкеева мен Людмила Туницкая күрделі жөндеуді қажет ететін арық жүйесі туралы мәселемен бөлісті. Айта кетейік, соңғы 17 жылдан бері Мирный кентінде су құбырлары жүйесі жөнделмеген. Ермек Көшербаев айтқандай, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған, бұл іс алға жылжығанын білдіреді. Жобаның бюджеті 2,6 миллиард теңгені құрайды, жағдайды түзетудің алғашқы қадамдары қазірдің өзінде жасалып жатыр, зауыттан осы мақсаттарға қажетті арнайы құбырға тапсырыс берілді. Сондай-ақ апаттық желілерді ауыстыру басталады. Жобаның жүзеге асуы «Өскемен-Водоканал» кәсіпорны мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бақылауында.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив