Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беру өзгереді


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-08-2024, 15:58 0

Орталық коммуникациялар қызметінде 2 тамыз күні өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгерту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

Руслан Әбдіқалықов файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарау жоспарланып отырғанын хабарлады. 

– Енді сіздер білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып келеді, яғни бұл бұлтқа негізделген цифрлық қолтаңба. Сонымен қатар, бұл біздің барлық азаматтарды жаппай қамтуға және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл әдіс қауіпсіз, - дейді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 30 сәуір күні Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба форматы өзгерген еді. Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны азаматтарға беру тәсілі өзгереді. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив