Өскеменде Металлург көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-08-2024, 14:10 0

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі аталған көшенің толық жөндеуден өтетінін хабарлады.


Металлург көшесі қаладағы ең көп жүретін көшелердің бірі. Биыл орташа жөндеуден өтетін көшелердің қатарына қосылды. Айта кету керек, Н.Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейінгі учаскеде жұмыс басталған. Кейінірек Бажов көшесімен қиылысына дейін бүкіл көше жөндеуге жататыны белгілі болды.


«Алдағы уақытта Шәкәрім даңғылынан Бажов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыс жалғасады. Мұндай технологиялық олқылық бүкіл көшедегі көлік қозғалысын тоқтатпау үшін жасалды», - Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Естеріңізге сала кетейік, Өскеменде көлік көбейген сайын жол тарылып барады. Кешкілік кептеліс болады. Қаланың автожол желісін жаңартуға 700 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Енді жаңа ықшам аудандармен арада айналма жол салынып, көпір астымен өтетін жол төселеді. Осылайша орталық көшелердегі көлік ағымын азайту көзделіп отыр. Өскеменнің маңында  жаңадан бой көтерген ықшам аудан көп. Сол аудандармен екі арада жүретін көлік легі де артқан. Сондықтан мамандар жіңішке 2 жолақты жолдан құтылу үшін кеңейтіп, 4 жолақтыға айналдырмақ. Сондай-ақ басты, маңызы бар көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив