Пушкин көшесіне асфальттың бірінші қабаты салынып үлгерді.
«Биыл қалада 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде 22 көше дайын. Осы 32 көшенің жетеуі Красина кентінде, өйткені тұрғындардың жол жағдайына байланысты шағымдары көп болды», - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
«ДСУ-11» мердігер мекемесі Пушкин көшесіне орташа жөндеуден бөлек, арық науасын ауыстырып, қираған плиталарды ауыстырып жатыр.
Барлық жұмыстар тамыз айының соңына дейін аяқталады.
Естеріңізге сала кетсек, биыл облыста "Жол жылы" деп жарияланып, әр аймақта жұмыс жоспары бекітілген. Осыған орай облыс орталығында бірқатар көшелердің жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жол жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңінде Өскемен қаласының ішіндегі 20-дан астам көшесінің және Красина кентіндегі бірқатар көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Яғни, асфальті толығымен ауыстырылып, жаңартылады. Сонымен қатар, Новаторов көшесіндегі, №47 мектеп маңындағы Есенберлин көшесіне шығатын жол, Красин кентіндегі Пушкин көшесіндегі, Тимофеев, Васильев, Қабанбай батыр, Первомайская, Урожайная, Сәтпаев даңғылы мен Көкжал Барақ көшесінің қиылысындағы, Сарыарқа көшесіндегі және өзге де бірқатар көшедегі жолдар жөнделмек. Сондай-ақ, Шмелов Лог және Красин кентіндегі бірқатар көшелер де биыл жөнделмек.