"Тау басында мұз еріп жатыр". ШҚО-да сел жүруі мүмкін 13 өзен бар


ЖАҢАЛЫҚТАР 31-07-2024, 10:48 0

«Қазселденқорғау» мамандары мен өңірдің құтқарушылары таулы жерлерде жұмысты күшейтті. Өйткені ШҚО тауларының басында 144 мореналық көл орналасқан. Мамандар жыл сайын мұндай су айдындарын бақылауда ұстап отырады. Мұз жарылғаннан бастап толық еріп біткенге дейінгі аралықты мұқият қадағалайды. 
Облыста, ресми ақпарат бойынша, 13 өзенде сел жүру қатері бар.
"Сел қаупі бар кезеңнің басынан бастап облыс бойынша маусымдық  9 гидропост және Катонқарағай ауданы, Сарымсақты өзенінде жыл бойы 1 гидропост жұмыс істейді. Күн сайын тәулігіне үш рет барлық гидропосттардан сел қаупі бар учаскедегі гидрометеорологиялық өзгерістер туралы ақпарат беріледі. Бүгінгі күні Тұрғысын, Сарымсақты, Бұқтырма, Берел өзендерінің теңіз көлдеріне бассейндеріне аэровизуалды зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде мұздықтардың қарқынды еру белгілері анықталмады, мұздықтарда қардың біртіндеп еруі байқалады", деп жазылған ресми ақпаратта.
2024 жылдың тамыз айында Громотуха, Белая Уба өзендері бассейндерінің биік таулы мореналық көлдеріне ат көлігімен батиметриялық өлшеулер жүргізу жоспарлануда.
ШҚО ТЖД және ШҚ «Қазселденқорғау» филиалы сел тасқынынан оны болдырмау арқылы ғана құтылуға болатынын еске салады. Қауіпсіздік мақсатында туристер дауыл туралы ескертулерді мұқият қадағалап, осы кезеңде сел қаупі бар кезеңде тауларға барудан бас тартуы керек.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар