Шығыста алдағы бес күнде тасқын күшейеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 21-05-2024, 12:50 0

Шығыс Қазақстанда 21-25 мамыр аралығында таулы аймақтарда өзендердің деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшейеді. Бұл жөнінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

 

“21-25 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін”, деп жазылған ақпаратта.

 

Облыстағы Алтай, Үлкен Нарын, Глубокое, Күршім, Марқакөл аудандарында қауіп бар. Тау басындағы қар қатты еріп жатыр.

 

Бұған дейін, сәуірде Үлкен Нарын ауданында 20-дан астам үйдің ауласына су кірген. Риддер қаласында лай көшіп, жеке үйлерге қауіп төндірген. Күршім ауданында бірнеше жолды бұзып, Топтерек ауылына баратын көпірді су шайған. Әзірге су үйлердің ішіне кіргені туралы ақпарат болған жоқ.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар