ШҚО-да жас сарбаздар әскери ант қабылдады

сурет: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

сурет: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 14:30 0

Серебрянск қаласындағы 97638 әскери бөлімінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 90-ға жуық жас сарбаз Қазақстанның тұтастығы мен бейбіт өмірін қорғауға салтанатты түрде әскери ант берді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі Өскемен гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ұлымның әскери ант қабылдау сәтін көру мен үшін үлкен мәртебе. Бір ай бұрын әскерге бозбала болып аттанған еді, бүгінде Отан қорғаушы ретінде қарсы алдымда тұр. Оның бойынан сенімділік пен ерік-жігерді көріп, жүрегім қуанышқа толды, – деді сарбаздың анасы Зейнап Мұратқызы.

Жас жауынгерлерге артылған міндет пен жауапкершілік – Отанға адал қызмет ету. 

– Бүгін мен үшін ұмытылмас күн. Біз ел алдында емес, жүрегіміздің алдында ант бердік. Бұл тек сөз емес, болашақтағы әр ісімізге жауапкершілік артатын уәде. Мен өз борышымды адал өтеуге уәде беремін, – дейді жас сарбаз Санжар Бүркітбай. 

Салтанатты шараға келген ата-аналар бір ай ішінде темірдей тәртіпке үйренген жас сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсіміне куә болды, ал салтанатты жиынға келе алмағандар сарбаздармен онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады. 


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив