ШҚО-да «Қонақжай отбасы» жобасы басталды

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:10 0

15 маусымнан бастап облыстың Катонқарағай, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында жыл сайынғы «Қонақжай отбасы» жобасы басталды.

Риддер қаласынан, Шемонаиха, Тарбағатай және Зайсан аудандарынан жобаға қатысушыларды «Ақниет» мектеп-интернатының базасында жылы қарсы алды. Кездесуді Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің еріктілері ұйымдастырды. Қатысушыларға қонақжай отбасыларына орналасу және жайлы тұру әдептері туралы кеңестер берілді. Еріктілер қатысушыларды бір-бірімен таныстыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізді.

Жобаның алғашқы күндеріндегі есте қаларлық оқиғаға айналған жарқын флешмоб қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Жоба аясында тақырыптық әңгімелер, зияткерлік ойындар, бос уақытты тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды

Еріктілердің жұмысы жобаға қатысушылар баратын ауылдық елді мекендерде жалғасады. Еріктілер бағдарламаны тиімді іске асыруға ықпал ете отырып, жан-жақты қолдау көрсететін болады.

Биылғы жылы жобаға 140 оқушы қатысады. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив