Бұқтырма су қоймасының Самар жағалауы тұсында құтқарушылар кезекшілік ете бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жағалауда жаз бойы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен өрт сөндірушілер бірлесіп демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Пост құтқару жұмыстарына қажетті барлық заттармен жабдықталған. Жүзу құралдарымен қатар өрт сөндіру көлігі де бар.
Құтқарушылар су аймағын қайықтармен күзетеді. Ал өрт сөндірушілер жағадағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайды.
Төтенше жағдайлар департаменті 110 шақырымдық жағалауды күнделікті толық бақылауда ұстайтын болады.
«Басты міндет — судағы жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Исхар Савазов.