Трамвай рельсі әлі жөнделіп жатыр – Өскемен

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 15:56 0

           Өскемендегі Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

            Қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, трамвай жолдарын жөндеу әлі аяқталған жоқ.

Жоспар бойынша қиылыстағы рельстер ауыстырылып, өткел салынуы тиіс. Қабанбай батыр көшесінде көлік қозғалысы бүгін толық жанданады деп күтілген. Алайда жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзарды. 

Қазір аталмыш екі көшедегі оң жақ бұрылыстар ашық, трамвай паркі мен орталық алаңға қарай жол да ашылды. 

Дегенмен трамвай қозғалысы әлі тоқтап тұр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив