ШҚО әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 11:41 0

Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлері күніне орай бірқанша ақ қалатты абзал жандар марапатталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иелері ақ халатты абзал жандардың мерекесіне орай өткен шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі қатысып, медицина қыызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

– Мемлекет басшысы әрдайым денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Өйткені: «бірінші байлық– денсаулық» дейтін бабадан қалған тәмсіл бар. Деніміздің сау болуының бір кепілі медицина қызметкерлері екені белгілі. Сондықтан да бүгін адам жанының арашасы  болып жүрген баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын, –деді Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов. 

Салтанатты шараға қатысқан бірқатар медицина қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілері және Облыс әкімінің алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар тағы бір қатар ақ қалатты жандар  «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 

Ал «Сенім» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Үздік» төсбелгісін Эльвира Жарболатқызы мен Зарина Бауыржанқызы кеуделеріне тағып қайтты.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив