78 жасында Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 17:19 0

Италияның Тирано қаласында скандинавиялық жүрістен Әлем кубогы өтті. Аталған жарысқа ШҚО ТЖД-нің зейнеткері Әбілхаир Иманбеков қатысып, 78 жасында тамаша нәтижеге қол жеткізіп, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Әбілхаир Иманбеков бұл спорт түрімен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Ол ұзақ жылдар бойы Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасын басқарып, 30 жылдан астам уақытын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнады. Кейін осы саладан зейнетке шықты.

– Бірде инфаркттан кейін денсаулығыма көбірек көңіл бөле бастадым. Содан Өскемен қаласында скандинавиялық жүріспен айналысатын адамдар тобына қосылдым. Бұл кез келген адамға қолжетімді, үнемі қозғалыста болуға мүмкіндік беретін демократиялық спорт түрі», – деп бөлісті Әбілхаир Иманбеков.

Бүгінде ол жас құтқарушылар үшін үлгі боларлық тұлға. Әбілхаир Иманбеков үнемі жаттығу жасап, барша ниет білдірушілерді бұл қызықты спорт түрін меңгеруге шақырады.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив