Мектеп формасын қалай таңдау керек. Мамандар кеңесі


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 11:57 0

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты ата-аналардың бірінші кезектегі міндеті – балаларына жаңа оқу құралдарын жинақтап, мектеп формасын таңдау. Мектеп формасы балаға ыңғайлы және қауіпсіз болуы шарт, себебі бала күн сайын осы киімде шамамен 5-6 сағат немесе одан да көп уақытын өткізеді.
Мектеп формасы мен аяқ киімі баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестік сертификатының болуы мектеп формасы мен аяқ киім қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.
Мектеп формасын сатып алу кезінде келесі маңызды жайларға назар аудару қажет:
- киімнің таңбалануын, дәлірек айтқанда матаның құрамын мұқият зерттеу қажет. Киім тігілген мата құрамы кем дегенде жартысы табиғи материалдардан тұруы керек. Синтетикалық талшықтар терінің тыныс алуына жол бермейді, мұның өзі аллергияға әкелуі мүмкін;
- өнімнен өткір иіс шықпауы керек, оның болуы тоқыма материалдары құрамында зиянды немесе тіпті қауіпті химиялық заттарды көрсетуі мүмкін;
- киімнің дұрыс өлшемін таңдау маңызды, бала отырғанда да, жүргенде де ыңғайлы болуы керек.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив