Сурет: yk-news.kz
Былтыр ғана Өскеменде боялған көпқабатты үйлердің кейбірінің бояуы әлден оңып кетті. Қала әкімдігі жұмыс сапасыз болғанын растап, қайта өңдеуге көшті.
- Қазір 13 үйдің 8-інде қалпына келтіру жүргізіліп жатыр, ал қалған үйлер маусымның ортасында дайын болады, - деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Тәнекенов.
Оның айтуынша, былтырғы мердігер мекеменің жұмысы сапасыз болған.
- Ескі сылақты толығымен қырмай, оның үстіне басқа материал қолданған, - деді Тәнекенов.
Биыл да қала әкімдігі көпқабатты үйлердің қасбетін жөндеуді жоспарлап отыр. Назарбаев даңғылы бойындағы 38 үйді қамтымақ. Шаһар басшысы Жақсылық Омар бұған дейін қаланың «дизайн-коды» анықталды, қала ажары кіреді дегенді айтқан.