Облыс орталығында 13 шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-07-2024, 11:00 0

Жылу желілерін айырбастау бойынша жиырма тоғыз учаскеде коммуникацияларды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда Заводская және Промышленная көшелерінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 29 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Кестеден ешқайсысы қалыс қалған жоқ», – дейді «Өскемен жылу желілері» АҚ өкілі Асқар Оспанов.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстарына байланысты 19 абонентке ғана ыстық су уақытша өшірілген, олардың көпшілігі заңды тұлғалар.

«Біз барлық жұмыстарды тамыз айының аяғында немесе қыркүйектің басында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы қала ішінде жылу желілерінің тозуы 1,1 пайызға азаяды және бұл жақсы көрсеткіш», - деді Асқар Оспанов

Сондай-ақ Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жылу желілеріндегі жұмыс барысымен танысқан болатын.

«Биыл біз көп жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл «Инвестицияға айырбас тариф» бағдарламасының арқасында іске асты», - деді әкім.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар